23.04.2007, 12:01 3328

Үкімет басшысы жалпы қалалық сенбілікке қатысты

АСТАНА. 23 апреля. Kazakhstan Today. Өткен сенбіде Астанада жалпы қалалық сенбілік өтті, оған премьер-министр Кәрім Мәсімов қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгін үкіметтің жүз күндігі жалпы қалалық сенбілік күніне сәйкес келді, бұл есте қалатын жағдай",- деді премьер. Мұндай шаралардың маңыздылығын атап өткен үкімет басшысы былай деді: "Біз бүгін өз еңбегімізді жұмсай отырып, үкіметтің жүз күн бойы болған процесінен шығуға мүмкіндік алып отырмыз".

Жалпы қалалық сенбілік 9-сәуірден 9-мамырға дейін жалғасатын экологиялық айлық аясында ұйымдастырылған. Қала әкімінің орынбасары Ерік Сұлтановтың журналистерге хабарлағанындай, сенбілікке 60-тан астам адам қатысқан, олардың арасында министрліктер басшылары, парламент депутаттары және қалалық ведомствалардың қызметкерлері бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны