15.10.2008, 18:29 3000

Үкімет елде денсаулық сақтаудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге міндетті - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

Үкімет елде денсаулық сақтаудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге міндетті - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

Алматы. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет елде денсаулық сақтаудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге міндетті. Бұл туралы Бірінші медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Алматы Декларациясының 30 жылдығына арналған Халықаралық мерейтойлық конференция шеңберіндегі баспасөз мәслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Маргарет Чен мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Үкімет халықтың денсаулығын сақтауға тиісті жағдайлар жасалуын қадағалап отыруға міндетті. Алайда үкімет оған жалғыз қол жеткізе алмайды. Үкіметке халықтың қолдауы қажет. Егер сіз шылым шегуді, ішімдік ішуді, жоғары жылдамдықпен жүйткіп жүруді артық көретін болсаңыз, онда үкімет үшін олай істеме деп айтып көндіру қиынға соғады", - деді М. Чен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны