02.12.2008, 16:31 3014

Үкімет ЕурАзЭҚ қызметі мен Кедендік одақты құруға қатысты құжаттар топтамасын мақұлдады

Үкімет ЕурАзЭҚ қызметі мен Кедендік одақты құруға қатысты құжаттар топтамасын мақұлдады

Астана. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі бүгін ағымдағы жылғы желтоқсанның 12-сінде Мәскеуде өтетін ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер үкімет басшыларының отырысында қол қоюға жоспарланған ЕурАзЭҚ қызметі мен Кедендік одақты құруға қатысты құжаттар топтамасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мәскеудегі отырыста барлығы 18 құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Олардың ішінде ЕурАзЭҚ-тың санитарлық және фитосанитарлық салалардағы ақпараттық жүйесін құру туралы келісім; ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің ортақ сақтандыру рыногын құру туралы хаттама; Кедендік процедуралардың және кедендік режімдер түрлері туралы келісім; Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау тәртібі туралы келісім т.б. бар.

Құжаттар кедендік және салықтық әкімшілендіру, кедендік-тарифтік реттеу, Кеден одағының институционалдық құрылымы саласындағы нақты іске асыратын шараларды қамтиды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны