26.12.2006, 12:59 3208

Үкімет, кәсіподақ ұйымдары және жұмыс берушілер әлеуметтік және еңбек қатынасын реттейтін негізгі қағидалар туралы бас келісімге қол қойды

АСТАНА. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today. Кеше Астанада Қазақстан үкіметінің, республикалық жұмысшылар бірлестігі мен республикалық жұмыс берушілер бірлестігінің арасында 2007-2008 жылғы бас келісімге қол қою салтанаты өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл құжат үш жақты республикалық комиссия мүшелерінің, яғни үкіметтің, кәсіподақ ұйымдарының және жұмыс берушілердің қатысуымен республика деңгейіндегі әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін негізгі қағидалар бойынша ұстанымдар мен міндеттемелерді анықтайды", - делінген баспасөз баянында.

2007-2008 жылғы бас келісімде еңбек және әлеуметтік саладағы мәселелердің барлық қырлары көрініс тапқан.

Баспасөз баянында көрсетілгендей, келісімде еңбек қатынастары мен еңбек нарығын дамыту, халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеру, мамандардың кәсіби дайындығын жақсарту, әлеуметтік саясатты дамыту, сонымен қатар еңбек және денсаулық сақтаудың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ету сияқты мәселер қарастырылған.

"Бас келісімге БҰҰ-ның бизнетің әлеуметтік жауапкершілігі, шетелдік және отандық компаниялардың тәжірибелері мен әлеуметтік серіктестіктер құру, беделді көтеру, әлеуметтік жобалардың маңыздылығы жөніндегі Ғаламдық келісімнің қағидаларын енгізу мақсатында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі бөлім қосылған", - делінген баспасөз баянында.

"Аталмыш бас келісім республика аймақтары мен салалары деңгейіндегі әлеуметтік серіктестіктердің келіссөздеріне арналған негіз болмақ", - деп көрсетілген құжатта.

Келісімге үкімет атынан вице-премьер Кәрім Мәсімов, републикалық кәсіподақ бірлестігі атынан ҚР Кәсіподақ ұйымдарының Федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев, Қазақстанның еңбек Конфедерациясының президенті Серік Ибдірахманов, республикалық жұмыс берушілер бірлестігінің атынан ҚР жұмыс берушілер Кофедерациясы басқармасының төрағасы Қадыр Байкенов, ҚР "Атамекен" ОСП басқармасының төрағасы Азат Перушев, Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығының президенті Александыр Машкевич, Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағының президенті Николай Радостовец қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны