04.12.2007, 14:24 1993

Үкімет көші-қон мәселесі бойынша жеке мемлекеттік орган құру мүмкіндігін қарастыруда

Үкімет көші-қон мәселесі бойынша жеке мемлекеттік орган құру мүмкіндігін қарастыруда

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет көші-қон мәселесі бойынша жеке мемлекеттік орган құру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында айтылды.

"Расында да Ресейдің Федералдық көші-қон қызметі секілді дербес көші-қон құрылымын құру қажет шығар", - деді Ө. Шүкеев.

Өз кезегінде еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мұндай құрылымды құру мүмкіндігі қаралатын болады.

"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформалардың аясында ішкі және сыртқы көші-қон мәселелері бойынша біртұтас уәкілетті орган құру мәселесі қосымша дәйектелетін болады", - деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдардың жұмысына жүргізілген талдауға сәйкес, "қазір ІІМ-нің құзыретінде тек шетелдік мигранттарды есепке алу-тіркеу және сырттан ағылатын заңсыз миграциямен күрес мәселелері ғана кіреді". Өз кезегінде "ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті негізінен оралмандар мен еңбек мигранттарының көші-қон процестерін реттеумен шұғылданады".

"Шетелдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, ең тиімдісі - ішкі және сыртқы көші-қон ағындарын реттеумен біртұтас органның айналысуы. Мәселен, Ресейде ІІМ жүйесінде Федералдық көші-қон қызметі, АҚШ-та Миграция және натурализация қызметі бар", -деді экономика министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны