02.10.2007, 15:39 2933

Үкімет нан бағасының өсін қудалаудың орнына, зейнетақы көлемін көтеру керек, деп санайды Павлодардың ардагерлер кеңесі

Үкімет нан бағасының өсін қудалаудың орнына, зейнетақы көлемін көтеру керек, деп санайды Павлодардың ардагерлер кеңесі

Павлодар. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодардағы қалалық ардагерлер кеңесіндегілердің пайымдауынша, үкімет нан бағасының өсін қудалаудың орнына, зейнетақы көлемін көтеру керек, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгіндегі азық-түлік бағасының күрт өсуі ең алдымен зейнеткерлерге ауыр тиіп отыр, ал үкімет мұны түсінетін емес. Қандай да бір реттеу механизмін құру көмектесетін де болар, бірақ ең бастысы басқада жатыр. Зейнеткерлер дұрыс зейнетақы алуға тиіс, сонда мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының қажеттілігі туындамайды",- деді агенттік тілшісімен сұхбаттасқан ардагерлері кеңесінің төрайымы Клавдия Арынғазина.

"Үстіміздегі жылы елімізде тағы да жоғары өнім жинауда, бірақ зейнеткерлер осы қуанышты оқиғадан кейін дүкендердегі жаңа бағаларды көріп, таң қалысып отыр. Олар ұнның үлкен қоры бар елдегі нан бағасының Еуропамен бірдей болғандығын түсіне алмай отыр",- деді ардагерлер кеңесінің төрайымы.

Ол, бүгінде қалалық ардагерлер кеңесі мәжіл депутаттарының атына ең қажетті тағам өнімдердің, яғни нан, ұн, май және сүт өнімдері бағасының күрт өсуінің басын ашуды өтініп, хат жолдағандығын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны