11.09.2007, 11:50 1769

Үкімет "Оңтүстік" және "Жетісу" атты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жетекшілерін бекітті

Үкімет "Оңтүстік" және "Жетісу" атты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жетекшілерін бекітті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. АСТАНА. Бүгін өткен үкіметтің отырысында "Оңтүстік" және "Жетісу" атты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жетекшілері бекітілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Вице-премьер Өмірзақ Шүкеевтің ұсынысы бойынша үкімет бір дауыстан қабылдаған шешіммен "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жетекшісі болып Асқар Мырзахметов, ал "Жетісу" корпорациясының жетекшісі болып Серік Сұлтанғалиев тағайындалды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, А. Мырзахметов кейінгі кездері Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі, С. Сұлтанғалиев - "ҚазТрансГаз" АҚ-ның бас директоры қызметін атқарған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны