01.08.2017, 19:50 4266

Үкімет отырысында "Ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ (ҰБТ) және түсу емтихандарыныӊ қорытындылары туралы" ақпарат ұсынылды

ҰБТ және КТ қорытындылары бойынша шекті балды алмаған тұлғаларға ҰБТ-ны және КТ-ны қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Құжаттарды қабылдау 1-8 тамыз аралығында жүзеге асырылады, тестілеу 19-24 тамыз аралығында өтеді.

Астана. 1 тамыз. Kazakhstan Today - Ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ форматын жетілдіру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен қарастырылған. ҰБТ-ны екі үрдіске бөлу көзделген: қорытынды аттестаттау - мектептегі бітіру емтиханы және ҰБТ - ЖОО-ға түсу емтиханы.

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙ:

ҰБТ-ныӊ жаӊа форматы түрлі мемлекеттердегі емтихандарды өткізу бойынша халықаралық тәжірибелерді талдау нәтижесінде әзірленді. ЖОО-ға түсу емтиханы мен бітіру емтихандары бөлек өткізілетін мемлекеттердіӊ тәжірибесін қарастырамыз. Бұл мемлекеттердіӊ қатарына Жапония, Израиль, АҚШ жатады. ҰБТ тестерініӊ мазмұны оқу қабілетін, логикалық ойлаудыӊ деӊгейін, базалық құзыретін, яғни функционалдық сауаттылықты анықтауға көзделген.

Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігі басшысыныӊ 2016 жылығы 7 мамырдағы № 31-38.24 бұйрығына сәйкес ҰБТ қорытындысы бойынша мектептер рейтингі жүргізілмейді, нәтижелері білім беру мониторингі шеӊберінде қолданылуы мүмкін.

ҰБТ-ға қатысуға 92 827 10 (11) сынып бітірушілері өтініш білдірді, соныӊ ішінде 69 209 (76,3%) қазақ және 23 618 (23,6%) орыс тілінде. Жергілікті атқарушы органдардыӊ мәліметтері бойынша 35000-нан астам мектеп бітірушілері ҰБТ өткізу пунктеріне дейін жеткізіліп, тамақпен қамтамасыз етілді, соныӊ ішінде шамамен 11000 адамға жатын орын берілді. Тестілеуге 88 595 адам, жалпы өтініш бергендердіӊ 95,44 %-ы қатысты.

Аймақтарға 1,5 мыӊнан астам ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері жіберілді. Ұйымдастырушылық мәселелерді шешу және ҰБТ өткізу барысын бақылау үшін жергілікті жерлерде білім беру ұйымдарыныӊ басшылары, құқық қорғау қорғау органдары, қоғам және БАҚ өкілдері қатарынан 965 адамнан тұратын мемлекеттік коммиссиялар құрылды. Сонымен қатар, жылдағыдай пунктерде медициналық және психологиялық көмек көрсету орындары ұйымдастырылды және тестілеу барысында қауіпсіздік қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылы алғашқы рет тестілеу барысын онлайн-трансляциялау іске қосылды. Бұл республика бойынша тестілеу өткізу пунктерін қадағалап отыруға және тәртіп бұзушылық саныныӊ айтарлықтай азаюына мүмкіндік берді.

ҰБТ қорытындысы бойынша республика көлемінде орташа балл - 80,5% (мүмкін болған 140 балдан). 2016 жылы бұл көрсеткіш 81% (мүмкін болған 125 балдан) болды. 50 балдық шекті деӊгейден 74 517 адам (84,1%) өтті. 14 066 адам (15,8%) шекті деӊгейден өте алмады.

Анықтама:

2016 жылы ҰБТ-ға 84 041 адам қатысты, соныӊ ішінде 69 789 (83%) адам шекті деӊгейден өтті, орташа балл - 81,24.

2017 жылы 52 717 (70,7%) адам 66 - 119 балл, 5 064 (6,8%) адам 120 - 139 балл жинады. Тестілеу барысында 85 446 тыйым салынған зат тәркіленді, соныӊ ішінде 43 394 электрондық құрылғылар (смартфондар, роутерлер, модемдер және т.б.) және 42 052 қағаз тасымалдағыштар (шпаргалкалар, оқу құралдары және т.б.)

Кешенді тестілеу республика бойынша 17-23 шілде аралығында 48 жоғары оқу орындарында орналасқан пунктерде өткізілді.

КТ-ға қатысуға өтініш бергендердіӊ саны - 54649 адам, соныӊ ішінде 36276 (66,38 %) қазақ, 18373 (33,62 %) орыс тілінде. Оныӊ ішінде 33853 өтініш жаӊа форматтағы тестілеуді (КТ ТжКББ) тапсыру үшін берілді. Тестілеуге жалпы 50416 адам қатысты.

Сонымен қатар, аймақтарға 300 ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері жіберілді, мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар құрылды, медициналық және психологилық көмек көрсету орындары ұйымдастырылды және тестілеу барысында қауіпсіздік қамтамасыз етілді. КТ (5 пән) қорытындысы бойынша республика көлемінде орташа балл - 65,69 % (мүмкін болған 140 балдан), жаӊа форматтағы КТ (ТжКББ) (2 пән) бойынша - 26,85 % (мүмкін болған 70 балдан). 50 балдық шекті деӊгейден 12193 (65,64%) адам, жаӊа форматтағы КТ (ТжКББ) 35 балдық шекті деӊгейден 8885 (27,87%) адам өтті. Жалпы шекті деӊгейден 21078 (41,82%) адам өтті.

Анықтама:

Ағымдағы жылы КТ-де 38830 тыйым салынған зат тәркіленді, соныӊ ішінде 29914 электрондық құрылғылар (смартфондар, роутерлер, модемдер және т.б.) және 8916 қағаз тасымалдағыштар (шпаргалкалар, оқу құралдары және т.б.)

ҰБТ және КТ қорытындылары бойынша шекті балды алмаған тұлғаларға ҰБТ-ны және КТ-ны қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Құжаттарды қабылдау 1-8 тамыз аралығында жүзеге асырылады, тестілеу 19-24 тамыз аралығында өтеді.

Қайта тестілеуде шекті деӊгейден өтпеген жағдайда ақылы негізде бір семестрге жоғары оқу орындарына қабылдауға мүмкіндік беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны