17.04.2007, 18:45 3735

Үкімет пен жергілікті билік Конституциялық кеңестің жер қатынастарына байланысты қаулыларын орындамай отыр - заңгерлер

Үкімет пен жергілікті билік Конституциялық кеңестің қаулыларын орындамай отыр

АЛМАТЫ. 17 - сәуір. Kazakhstan Today. Үкімет пен жергілікті билік Конституциялық кеңестің қаулыларын орындамай отыр. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Алматы заң академиясының кафедра бастығы, Конституциялық кеңестің экс-мүшесі, заң ғылымдарының докторы Жұмабек Бұсырманов мәлім етті.

"Конституциялық кеңес "мемлекеттік қажеттілік" пен "мемлекеттік мұқтаждық" түсініктері мен олардың жер телімдерін тәркілеу барысында қалай қолданылатындығына түсініктеме беретін екі қаулы қабылдады, десе де оған ешқандай орган, соның ішінде үкімет елең еткен жоқ", - деп хабарлады Жұмабек Бұсырманов.

Оның пікірінше, "Конституциялық кеңес өз шешімінің орындалуына бақылау қою құқысына ие емес, сондақтан да жоғарғы конституциялық бақылаудың жүзеге асуы мүмкін болмай отыр". "Ал, Конституциялық кеңестің қаулысы - бұл қолданыстағы заңнама жүйесіне кіретін және міндетті түрде орындалуға тиіс нормативтік-құқықтық акт",- деп атап көрсетті Жұмабек Бұсырманов.

Ол, Констиуциялық кеңеске өзінің функциясын толық қанды іске асыруға көмек көрсету керек деп санайды. "Не аудандық, не Жоғарғы сот қолданыстағы заңнаманың заңдылығын түсіндіруге жүгінуге тиіс. Немесе депутаттар өздерінің шынайы міндеттерін атқарып, халықтың мүддесін қорғайтын өкіл ретінде Конституцияға сәйкес жер қатынастарына қатысты заңдардың Ата заңға сәйкестігі төңірегінде Конституциялық кеңеске жүгінуге тиіс".

Сонымен қатар, "Иділет" заңдылық және құқық жөніндегі демократиялық партиясының тең төрағасы Төлеген Сыдықов құрамына Қазақстанның жетекші заңгерлері кіретін партия депутаттар мен үкіметке "Алматыжер" МКК іс-қызметіне тыйым салу және Алматы әкімшілігінің құрылыс салу және жер телімдерін тәркілеудің бас жоспарына қатысты барлық қаулыларын заңсыз деп тану туралы ұсыныс жасағандығын еске сала кетті. "Біздің қолданыстағы заңдарымызда - Конституцияда, Жер кодексінде, "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңда бәрі жазылып, көрсетілген. Бірақ, ең негізгісі жергілікті жердегі билік өкілдері заңда жазылғандарды орындамай отыр",- деп атап өтті Т. Садықов.

Жұмабек Бұсырманов, сондай-ақ шенеуніктердің арасында "заңға пысқырып қарамайтындардың" да бар екендігін айтып өтті. Ол Алматы әкімінің орынбасары Я. Заяц өзіне "Алматыжер" МКК негізге ала отырып жұмыс істеген әкімшілік қаулыларының заңсыздығы туралы прокуратураның наразылығына қатысты қойылған сұраққа әкімшілік наразылықты кері қайтарғандығы туралы жауап бергендігін мысал ретінде айтып өтті. "Бақылау-қадағалау деңгейінің жоғарғы органы - Бас прокуратура заңсыздық туралы наразылық танытады, ал әкімшіліктің өкілі оны кері қайтарғандығы туралы айтады. Бұл - нонсенс",- деп атап өтті Жұмабек Бұсырманов. Оның пікірінше, жоғарғы қадағалау органының қолдану актісін тек Конституциялық кеңес қана күшін жою алады немесе конституцияға қайшы деп таниды.

Сонымен қатар, баспасөз қызметіне қатысушылар, жер телімін тәркілеу туралы мәселені шешу үшін бірінші және түбегейлі қадам қолданыстағы заңды Конституцияға сәйкестендіру болуға тиіс, деп мәлім етті. Екіншіден, олар жер телімдерін тәркілеуге және бас жоспарға қатысты барлық талқылаулар мен құқықтық актілерді парламент депутаттарының ашық талқылауына шығаруға ұсыныс жасады. "Тіптен билік өкілдері қала немесе еліміздің тұрғындарынан олардың осындай бас жоспарға сәйкес өмір сүргілері келе ме әлде жоқ па, олар өздерінің үйлерін бұзуды қалай ма дегенді сұрауға тиіс. Сондықтан да референдум өткізу қажет",- деп қосты Алматы адвокаттар алқасының адвокаты Игорь Меерзон.

Сонымен қатар, қарапайым азаматтардың қалалық әкімшілік әрекетіне қатысты сотқа шағым бере ала ма деген сұраққа Кәсіпкерлер мен меншік иелерін қорғау одағының президенті Василий Резван әкімшіліктің заңға қайшы әрекеттеріне қатысты дәлелдерді жинау, мамандарды тарта отырып техникалық және лингвистикалық сараптама жүргізу аз ақша тұрмайтындығын түсіндіріп өтті. "Бүгінгі күнде бір азаматқа мұндай процессті қаржыландыру оңайға түсе қоймайды, ол тіптен әрбір қоғамдық бірлестікке немесе партияларға да жеңіл тимейді",- деп атап өтті В. Резван.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны