Система Orphus

Үкімет сәуірде метеоқызметтің мониторинг жүргізу жүйесін жаңалау мәселесін қарайды - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

21.04.2008, 16:11 2448

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Сәуірде Қазақстанның метеорологиялық қызметін жаңалау мәселесі үкіметтің отырысында қаралады. Бұл туралы еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов бүгін мәжілісте өткен үкіметтік сағат барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Халықаралық сарапшылардың мәліметінше, метеорологиялық қызметті жеткілікті деңгейде жабдықтамау салдарынан Қазақстанның жыл сайынғы экономикалық шығыны шамамен $140 млн құрап отыр", -деді Н. Ысқақов. Оның атап көрсетуінше, "елдің экономикалық құрылымында күн райына тәуелді салалардың үлес салмағы 45% құрайды".

"Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымның стандартына сәйкес дамыған елдер үшін Илемдік банк сарапшалыраның қатысуымен мониторинг жүргізу жүйесін жаңалау тұжырымдамасының жобасы жасалған. Дүниежүзінде осындай жүйе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы болып саналады. Бұл мәсееле сәуірде үкіметтің отырысына шығарылады", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны