02.04.2010, 12:20 3151

Үкімет тегін медициналық көмек көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың шамамен 40%-ын сатып алу құқығын өңірлерге бермек ниетте

Үкімет тегін медициналық көмек көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың шамамен 40%-ын сатып алу құқығын өңірлерге бермек ниетте

Астана. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Үкімет тегін медициналық көмек көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың шамамен 40%-ын сатып алу құқығын өңірлерге бермек ниетте. Бұл туралы бүгін "Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу және Денсаулық сақтау ісін дамытудың атты 2011-2015 жылдарға арналған "Салауатты Қазақстан" мемлекеттік бюағдарламасының жобасы туралы" Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық мәжілісінде ҚР үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазір барлық дәрігерлермен ақылдасып, дәрілік заттардың тапшылығына қатысты қалыптасқан ахуал бойынша нақты ұсыныстар енгізіңіздер. Дәрілік заттарды сатып алу құқығын өңірлерге беру қажет болса - онда өңірлерге беріңіздер, бұл міндетті "Самұрық - Қазына "Фармациядан" алыңыздар" , - деді Е. Орынбаев.

"Самұрық - Қазына "Фармация" бас директорының орынбасары Жанайдар Мусин мәлім еткендей, қазір кепілді тегін медициналық көмек көлемінің шеңберіндегі барлық дәрілік заттардың шамамен 60%-ы өңірлерге жеткізілген.

Өз кезегінде ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев

"Самұрық - Қазына "Фармация" өкілінен қалған 40% дәрі-дәрмек тұтнушыларға дәл қашан жететіндігі жайлы нақты уақытты атауды, сондай-ақ, бүгінгің күнге дейін осы 40%-дың облыстық ауруханаларға жеткізілмеу себебін атап көрсетуді талап етті.

Мусин бұған байланысты былай деді: "қазір шетелдерден келетін барлық дәрілік заттар біртұтас дистрибьютордың қоймасында жатыр, онда кедендік рәсімдеу мен сертификаттаудан өтуде. Кешігу себебі - жабдықтаушылардың кесірі".

Ж. Досқалиевтің айтуынша, "Самұрық - Қазына "Фармация" дәрілік заттарды сатып алушы біртұтас дистрибьютордың рөлін атқара бастаған сәтке дейін де "сәуір айының өзінде, тіпті одан да ертерек, өңірлерде барлық дәрі-дәрмек пайда болатын. Жабдықтаушылар да, схемалар да сол бұрынғылар", - деді ол.

"Дәрі-дәрмекті жеткізетін нақты уақытын атаңыз. Осы мерзімге байланысты мен бұйрық бойынша келетін дәрі-дәрмектердің бір бөлігін алып, өңірлерге берейін. Олар өздері сатып алсын", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны