22.06.2009, 14:21 2629

Үкімет "жол картасын" жүзеге асырудағы заң бұзушылықтар жөніндегі кез-келген ақпаратқа шұғыл жауап қатады - Кәрім Мәсімов

Үкімет "жол картасын" жүзеге асырудағы заң бұзушылықтар жөніндегі кез-келген ақпаратқа шұғыл жауап қатады - Кәрім Мәсімов

Астана. 22 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет "жол картасын" жүзеге асырудағы заң бұзушылықтар жөніндегі кез-келген ақпаратқа шұғыл жауап қатады. Бұл туралы бүгін республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов парламент мәжілісінде "Нұр Отан" ХДП фракциясының кеңейтілген кеңесінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Бізде "жол картасы" бойынша ақпаратқа қол жеткізуде ешбір қиындық пен құпиялық жоқ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арнаулы сайты бар. Бұл бағдарлама бойынша барлық ақпараттар ашық", - деді Кәрім Мәсімов.

Премьер-министрдің хабарлауынша, кезекті селекторлық мәжілісте облыс әкімдеріне "жол картасына" қатысты ақпаратқа депутаттар мен барлық қалағандар қол жеткізе алуы жөнінде тапсырма беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны