11.07.2012, 13:24 3915

Үкімет ЖОО-лар мен колледждерге түсуге квота белгіледі

ҚР үкіметінің қаулысымен мүгедек балалар, жетімдер, ауыл жастары, ҚР азаматтары болып табылмайтын қазақтар және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендер үшін мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ЖОО-лар мен колледждерге оқуға түсуге квота белгіледі.

Алматы. 11-шілде. Kazakhstan Today - Үкімет ЖОО-лар мен колледждерге түсуге квота белгіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР үкіметінің қаулысымен мүгедек балалар, жетімдер, ауыл жастары, ҚР азаматтары болып табылмайтын қазақтар және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендер үшін мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ЖОО-лар мен колледждерге оқуға түсуге квота белгіледі.

"Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы етеді: бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері бекітілсін: I, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін 1 пайыз", - делінген сейсенбі күні ресми БАҚ-та жарияланған қаулының мәтінінде.

Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін 0,5 пайыз, ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін 30%, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін 2%. жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 1%.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, ал "Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы" ҚР үкіметінің 2008 жылдың 28 наурыздағы №296 қаулысының күші жойылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны