17.04.2012, 13:04 4034

Үкіметте денсаулық сақтау нысандарын салу мәселесі талқыланды

Онда "100 аурухана" және "350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана" жобаларының аясындағы денсаулық сақтау нысандарының құрылыс мәселелері талқыланды. Осы мәселе бойынша денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова баяндама жасады.

Астана. 17-сәуір. Kazakhstan Today - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бүгін Үкімет отырысын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Онда "100 аурухана" және "350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана" жобаларының аясындағы денсаулық сақтау нысандарының құрылыс мәселелері талқыланды. Осы мәселе бойынша денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова баяндама жасады.

"100 мектеп және 100 аурухана" бағдарламасының аясында 103 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланған, оның ішінде жергілікті маңыздағы 99 нысан, 4 республикалық нысан. 2012 жылдың 15 сәуіріндегі жағдай бойынша, республика бойынша жалпы сомасы 148,8 млрд. теңгеге 59 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды. 2012-2014 жылдары "100 аурухана" бағдарламасының аясында 23 нысанның құрылысы жоспарланып отыр. С.Қайырбекованың айтуынша, "100 аурухана" бағдарламасы 2017 жылы аяқталмақ және оған әлі шамамен 210 млрд. теңге қаржы керек.

"350 денсаулық сақтау нысанын салу" бағдарламасының аясында 43 емхана және 307 дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік-акушерлік пункт салынады.

2012-2014 жылдарға арналған бюджеттің аясында 43 емхананың 19-ының құрылысын аяқтау жоспарлануда, оның ішінде 2012 жылы - 6 нысан, 2013 жылы - 12 нысан, 2014 жылы - 1 нысан салынады. Осылайша, "350 денсаулық сақтау нысанын салу" бағдарламасы 2015 жылға қарай аяқталады.

Кеңес қорытындысы бойынша Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов денсаулық сақтау министрлігіне және облыс әкімдеріне "100 аурухана" бағдарламасының проблемалы нысандарының құрылысын өз бақылауларында ұстауды және құрылыстарды белгіленген мерзімдерінде аяқтауды тапсырды.

К.Мәсімов сондай-ақ, "100 аурухана" бағдарламасы нысандарының құрылысы аясында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерін қолдану бастамасын ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдап отырғанын атап көрсетті. "Іс алға басуы үшін, жақын арада осындай бірнеше жобаны іске қосу керек. Маусым айында бас қосып, бағдарламаның атқарылу барысы туралы есепті тыңдайық", - деді ҚР Премьер-Министрі.

Құрылыстардың қымбаттауына жол бермеу мәселесіне де тоқталған Премьер, Астананың даму мәселелеріне арналған соңғы кеңесте ел Президенті Н.И.Назарбаев осындай тапсырма бергенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны