22.10.2012, 17:21 3464

Үкіметтік емес ұйымдардың 55 пайызы Алматыда шоғырланған

Алматыда 6 мыңға жуық үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Илеуметтік серіктестік - әлеуметтік тұрақтылық кепілі" деп аталатын конференцияда айтылды.

Алматы. 22-қазан. Kazakhstan Today - Үкіметтік емес ұйымдардың 55 пайызы Алматыда шоғырланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыда 6 мыңға жуық үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Илеуметтік серіктестік - әлеуметтік тұрақтылық кепілі" деп аталатын конференцияда айтылды.

Оны ішкі саясат басқармасының қолдауымен "Ақпараттық-ресурстық орталық" қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр. Бұл шараның басты мақсаты - өзара әріптестіктің тиімді жүйесін жасау арқылы мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және бизнестің азамааттық қоғамды дамыту бойынша өзекті мәселелерін талқылау. Оған үкіметтік емес ұйымдардың, қалалық әкімдіктің салалық басқармаларының жетекшілері, бизнес құрылымдарының өкілдері мен қалалық мәслихат өкілдері қатысуда.

"Еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың 55 пайызы Алматыда шоғырланған. Қалада тіркеуде тұрған 6 мыңға жуық ұйымның бүгінгі таңда 500-і ғана белсенді түрде жұмыс жасауда. Қалалық бюджеттен 2011 жылы мемлекеттік сатып алуда әлеуметтік маңызы бар жобалар байқауына үкіметтік емес ұйымдарға 440 миллион теңге бөлінді. Онда 225 жоба жүзеге асырылды. Ал биыл оған 110 миллион теңге бөлініп, 55 ұйыммен 42 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Жалпы кейбір жобаларды мемлекеттік органдарға қарағанда қоғамдық ұйымдар жақсы шеше алады", - дейді ішкі саясат басқармасының бастығы Бақтияр Мәкен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны