21.09.2006, 18:00 3154

Үкіметтік комиссия Ленин атындағы шахтадағы жарылыстың себебін 29-қыркүйекке дейін анықтамақшы

ШАХТИНСК. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шахтадағы жарылыс дерегі бойынша апаттың себептерін анықтау және оның залал-зардаптарын жою жұмыстарын ұйымдастыру үшін құрылған үкіметтік комиссия жарылыстың себебін 29-қыркүйекке дейін анықтамақшы. Бұл туралы бүгін Шахтинск қаласында өткен баспасөз мәслихатында комиссия төрағасы- еліміздің төтеше жағдайлар министрі Шалбай Құлмаханов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз жарылыстың себебін 28-29-қыркүйекке дейін анықтап білуге тиіспіз, адамдар содан кейін жұмысқа кіріседі",- деп мәлімдеді Ш.Құлмаханов.

Бүгін Шахтинск қаласына келген үкімет басшысы Даниал Ахметов ел президентінің атынан қаза тапқан кеншілердің жақындары мен туыстарына тағы бір мәрте көңіл айтты. "Қаралы қайғы президенттің қабырғасын қатты қайыстырды. Ол еліміздің байлығын алып пайдалану мүмкіндігінің мұндай үлкен бағамен қолға келгеніне өкініш білдіре отырып, Шахтинск қаласының барлық тұрғындарына көңіл айтады",- деді үкімет басшысы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, шахтадағы жарылыс дерегі бойынша апаттың себептерін анықтау және оның залал-зардаптарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына еліміздің төтенше жағдайлар министрі Шалбай Құлмаханов, энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов, сондай-ақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, денсаулық сақтау министрлігінің, Қарағанды облыстық әкімшілігінің, кеншілердің кәсіподақ ұйымдарының, "МитталСтилТеміртау" компаниясының өкілдері мен ғалым-сарапшылар енді.

Жарылыс салдарынан шахтада 41 кенші опат болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны