27.04.2017, 16:19 4587

ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоӊыр қаласы бойынша департаментініӊ қызметкерлері "Біз терроризмге қарсымыз" тақырыбындағы ақпараттық сабаққа қатысты

Ақпараттық сабақта лаӊкестікке қарсы еӊ басты қару - қырағылықты жоғалтпау екендігі де айтылды.

Қызылорда. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметініӊ мәжіліс залында "Біз терроризмге қарсымыз" тақырыбында кезекті ақпараттық сабақ өткізілді.

Іс- шараға Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоӊыр қаласы бойынша департаментініӊ қызметкерлері қатысты.

ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоӊыр қаласы бойынша қызметкері Бауыржан Раханов террористік актілер мен дабыл бойынша күдікті зат табылған жағдайда өрт сөндіру бөлімшелерініӊ іс-әрекеттері туралы атап өтті. Иӊгіме барысында ол төтенше жағдайлар мен террористік актілерді болдырмау жөнінде жалпы ұсынымдар берді.

Ақпараттық сабақта лаӊкестікке қарсы еӊ басты қару - қырағылықты жоғалтпау екендігі де айтылды.

Қатысушылар терроризм мен экстремизмніӊ алдын алуда осындай бірлескен іс-шаралардыӊ пайдасы мол екендігін атап өтті.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған "Үшінші жаӊғырту - Қазақстанныӊ жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауында, бесінші басымдық - институционалдық қайта құру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ерекше атап өткен болатын.

Елбасы діни экстремизмді насихаттаудыӊ алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оныӊ жолын кесу жұмысын жүргізу жайлы да тапсырды. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке "мүлде төзбеушілікті" қалыптастыру керектігін қадап айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны