30.06.2008, 19:22 6965

Украина президенті Виктор Ющенконың Бакуге ресми сапары басталды

Украина президенті Виктор Ющенконың Бакуге ресми сапары басталды

Баку. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Украина президенті Виктор Ющенконың Бакуге ресми сапары басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Украинаның Изербайжандағы елшілігінен хабарлағандай, сапар барысында В. Ющенконың өзінің әзербайжандық әріптесі Ильхам Алиевпен кездесуі және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізуі жоспарланған.

"Келіссөздер барысында екі ел арасындағы көптеген салалар, оның ішінде энергетика бойынша да ынтымақтастықты дамыту жайы талқыланады. Сонымен қатар, Украина президенті Бакуде Украина ақыны Тарас Шевченкоға ескерткіш орнату рәсіміне қатысып, Украина елшілігінің кешенін салу үшін бөлінген Бакудің Хатаин ауданындағы аумақты аралап көреді", - деп атап көрсетті дипломатиялық өкілдіктегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны