24.02.2011, 15:39 4147

Украинада 66 жастағы азаматша тұңғышын дүниеге әкелді

Украинада 66 жастағы азаматша тұңғышын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 24 - ақпан. Kazakhstan Today - Украинада 66 жастағы азаматша тұңғышын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Чернигов қаласында (Украинаның солтүстігі) тұрғылықт әйел өзінің тұңғыш баласын 66 жасында туған.

Қалалық перзентхананың бас дәрігері Василий Гусак хабарлағандай, сәбидің денсаулығы жақсы және өз уақытында дүниеге келді. Қыздың салмағы 3 келі 300 грамнан асады, бойы 54 сантиметр.

В.Гусактың ойынша, черниговтық босанған әйел Украинада осы жасқа келіп босанған әйелдердің тұңғышы. "Осы жасқа жетіп алғашқы баласын босану Украинадағы, одан қалды жалпы Ресейдегі алғашқы оқиға", - деді ол.

Қазіргі уақытта ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайы қалыпты, дегенмен анасының жасына байланысты олар біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болады.

Баласын босанған ең егде әйел - румындық Адриана Илеску, ол ана болу бақытына 66 жасында қол жеткізген. Қазір 72 жастағы университеттің әдебиет пәнінің ұстазы сәбиді жасанды ұрықтандыру арқылы босанған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны