05.06.2013, 16:45 3346

Украинада 8 жыл іздеуде болған қылмыскер Ақтауда ұсталды

Ақтау қаласында криминалдық полиция қызметкерлері 2005 жылы Украина Республикасы Донецк облысында адам өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған 34 жастағы Украина азаматын қолға түсірді.

Астана. 5-маусым. Kazakhstan Today - Украинада 8 жыл іздеуде болған қылмыскер Ақтауда ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтау қаласында криминалдық полиция қызметкерлері 2005 жылы Украина Республикасы Донецк облысында адам өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған 34 жастағы Украина азаматын қолға түсірді.

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

"Аталған ер адам өзінің 20 жастағы танысының өліміне жауапты.

Іздеу жарияланған азамат Ақтау қаласындағы тергеу изоляторына жабылды. Қазіргі таңда оны отанына экстрадициялау мәселесі шешілуде", - деп толықтырды Н.Ораз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны