18.06.2012, 17:01 3328

ҰҚШҰ-ның бас наркологтары Астанада кездеседі

ҰҚШҰ-ның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдиновтың хабарлауынша, бұл шара сәрсенбі күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ғимаратында өтеді деп күтілуде. Бұл осындай форматтағы екінші кездесу болып табылады. Шараға ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Николай Бордюжа қатысып, сөз сөйлейді.

Мәскеу. 18-маусым. Kazakhstan Today - ҰҚШҰ-ның бас наркологтары Астанада кездеседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астанада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің бас наркологтарының кездесуі өтеді.

ҰҚШҰ-ның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдиновтың хабарлауынша, бұл шара сәрсенбі күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ғимаратында өтеді деп күтілуде. Бұл осындай форматтағы екінші кездесу болып табылады. Шараға ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Николай Бордюжа қатысып, сөз сөйлейді.

Кеңесте ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерде есірткіні қолдану, есірткі жағдайының даму беталыстары, нашақорлыққа шалдыққан науқастарды емдеу және оңалту, есірткіні қадағалау саласындағы құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттерді үйлестіру және ынтымақтастықты ұйымдастыру, ҰҚШҰ-ның басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен есірткі бизнесіне қарсы әрекет етудегі механизмдері мен өзара әрекеттестік формаларын өтеу сияқты мәселелер ортаға салынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны