03.01.2008, 18:19 2646

Илем бойынша 2007 жылы 86 журналист өлтірілді

Илем бойынша 2007 жылы 86 журналист өлтірілді

Алматы. 3 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 86 журналист және Бұқаралық ақпарат құралдарының 20 қызметкері былтыр қасақана өлтірілді. Бұл туралы агенттік "Репортеры без границ" халықаралық ұйымының сайтында жарияланған баяндамасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Илемде соңғы бес жылда журналистерді өлтіру деректері 244% ұлғайды.

Баяндамада келтірілгеніндей, журналистер өлімдерінің басым көпшілігі былтыр Иракта тіркелді. Онда 47 журналист қаза болды, оның біреуі - ресейлік репортер.

Баяндамада айтылғанындай, журналистерді ұрлау жағдайлары да жиі кездеседі. Былтыр 67 журналист ұшты-күйлі жоқ болды. Олардың басым бөлігі Ирак пен Ауғаныстанда ұрланды.

Баяндаманың материалдары бойынша, әлем бойынша 2007 жылы 887 журналист қапасқа тоғытылып, оның 135 түрмеге отырғызылды. "Репортеры без границ" ұйымы соңғы төрт жылда басқа елдермен салыстырғанда Кытай мен Куба журналистерді түрмеге отырғызу жағынан алдыңғы қатарда деген ақпарат жариялады. Қытайда былтыр 33, ал Кубада-24 журналист түрмеге қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны