24.04.2009, 18:07 2609

Илем күтіп отырған үміт пен сенімді ақтау үшін президент Обама құдайдан кем түспеуі керек - Виктор Гао

Илем күтіп отырған үміт пен сенімді ақтау үшін президент Обама құдайдан кем түспеуі керек - Виктор Гао

Алматы. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Илем күтіп отырған үміт пен сенімді ақтау үшін президент Обама құдайдан кем түспеуі керек. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан VIII Еуразиялық медиафорумда Қытайдың Ұлттық халықаралық зерттеулер қауымдастығының директоры Виктор Гао мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Біз Қытай мен АҚШ арасындағы байланыс мықты болады деп күтеміз. Алайда, президент Обамадан тек Америка Құрама Штаттарында ғана емес, жалпы дүниежүзінде орасан үміт күтіліп отырғандықтан, осы үміттердің бәрін ақтап шығу үшін, оған сай болу үшін ол құдайдай болуы керек деп ойлаймын. Және қанша мақтап, қолпаштағанымызбен де, тіптен сегіз қырлы супермен болса да, оның қарапайым адам ғана екенін ұмытпағанымыз абзал", - деп мәлімдеді В. Гао.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны