13.09.2011, 17:15 4031

"Илем миссі 2011" атағы Анголадан келген аруға бұйырды

Анголаның "қара маржаны" 88 бақталасын басып озып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Астана. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Илем миссі 2011" атағы Анголадан келген аруға бұйырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Бразилияның Сан-Паулу қаласында кезекті Илем миссі 2011 сұлулық байқауы өз мәресіне жетті. Қара нәсілді Ангола миссі - Лейла Лопес сұлулардың ішіндегі ең сұлу (қыздар тек сыртқы сұлулығына қарап іріктелген жоқ) деп танылды.

"Комсомольская Правданың" хабарлауынша, Анголаның "қара маржаны" 88 бақталасын басып озып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Бірінші вице-мисс атағына украиналық Олеся Стефанко ие болды. Бразилияның сұлуы Присцилла Макадо екінші вице-мисс атағын иеленді. Үшінші вице-мисс атағы филиппиндік Шемпси Сапсапқа бұйырса, төртінші вице-мисс Зу Лин Луо-Луо болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны