11.04.2012, 12:42 2736

Илемдегі ең дәулетті адамның байлығы 72,64 млрд доллар

Мехикода жергілікті "Сентидо коммун" қаржылық басылымынан хабарлағандай, миллардердің байлығы өткен жылдың соңынан бері 13,4 %-ға өсіпті.

Астана. 11-сәуір. Kazakhstan Today - Илемдегі ең дәулетті адам, мексикалық Карлос Слимнің байлық-дәулеті 72,64 млрд долларға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мехикода жергілікті "Сентидо коммун" қаржылық басылымынан хабарлағандай, миллардердің байлығы өткен жылдың соңынан бері 13,4 %-ға өсіпті.

Forbes америкалық журналының мәліметтері бойынша, өткен жылдың желтоқсанында Слиманың байлығы 69 млрд долларға теңескен болатын, соның арқасында мексикалық миллиардер үш рет қатарынан ғаламшардың ең бай адамдары тізімінде көш бастады, деп хабарлайды Newsru.com.

Мексикалық телекоммуникациялық магнат - Мексикаға өткен ғасырда көшіп келген ливандық ұсақ саудагердің ұлы, - 2010 жылы Forbes америкалық журналының рейтінгісінде жоғарғы тізімді басқарды. Сол кезде ол Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтсті 500 млн долларға артқа тастаған болатын.

Слим - меценат және өнер туындыларының коллекционері. Ол француздық мүсінші Огюст Роденнің өнерін жоғары бағалайды. Бизнесте де оның жолы болды, тіпті дағдарыс кезеңінде ол байлығын еселей білді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны