31.05.2012, 09:57 6569

Илемдегі ең қауіпті жанартаулардың бірі оянды

Колумбияда әлемдегі ең қауіпті жанартаулардың бірі саналатын Невадо-дель-Руиса жанар тауының белсенділігі күшейді.

Астана. 31-мамыр. Kazakhstan Today - Илемдегі ең қауіпті жанартаулардың бірі оянды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Колумбияда әлемдегі ең қауіпті жанартаулардың бірі саналатын Невадо-дель-Руиса жанар тауының белсенділігі күшейді.

Жақын жатқан бірнеше қаланы ақ түтін басып кетті. Осының кесірінен Манисалес, Армения, Картаго мен Перейра қалаларының әуежайлары жұмысын тоқтатты. Жанартаудан атқан күл осы аймақтағы әуе қатынасына кедергі келтіруі мүмкін.

Сейсмологтар жанар таудың белсенділігін мұқият бақылап отыр. Ол ел астанасы Боготадан небары 130 шақырым қашықтықта орналасқан. Өкімет жергілікті тұрғындарды көшуге дайын болуға шақырды. Невадо-дель-Руиса Анд тауларындағы ең биік жанартау. 1985 жылдың қараша айында оның атқылауы үлкен касіретке әкелді. Жанартаудан аққан ағын Армеро қаласын түгел басып кетіп, сол кезде 25 мың адам опат болған еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны