04.06.2008, 22:33 2498

Илемдік авиаиндустрияны үлкен шығындар күтіп тұр - IATA

Илемдік авиаиндустрияны үлкен шығындар күтіп тұр - IATA

Алматы. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Рекордтық жанармай шығындары жаһандық авиаиндустрияны 2000 жылдан бері алғаш рет шығынға әкеле жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Financial Times газетіне сілтеме жасай отырып.

"Барреліне 130 АҚШ долларынан асып кеткен мұнай бағасы бізді тығырыққа тіреді. Қуаты азайған әлем экономикасындағы бұл тағы бір соққы", - деп мәлімдеді Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) бас директоры Джованни Бизигнани.

Шикі мұнайдың бағасы көтерілгенде авиатасымал индустриясы шығындардың артуымен кездеседі. Дж. Бизигнани соңғы алты айда 24 авиатасымалдаушы банкротқа ұшырағанын хабарлады. Ал басқа компаниялар келер жылы 99 млрд АҚШ долларына бағаланған қосымша жанармай шығындарын күтіп отыр.

Дж. Бизигнанидің айтуынша, жағдай терроризммен, экономикалық құлдыраумен, А типті тұмаудың өршуімен және Ирактағы соғыспен байланысты проблемаларға қарағанда тарыққан және әлеуеті олардан да гөрі қиратушы болып табылады.

Осыған байланысты ол үкіметтер халықаралық авиацияны басқаратын екіжақты келіссөздердің 3 500 жүйесін қайта қарастыруы керектігін атап көрсетті және авиатасымалдау индустриясының одақтарына жұмыс орындарын жоғалту мүмкіндіктері бар екенін ескертті.

IATA 2000 жылдан бері алғаш рет биылғы жылы $2,3 млрд көлеміндегі авиажелі шығынын болжап отыр. Өткен жылы таза пайда $5,6 млрд құраған болатын. Ағымдағы жылдың наурыз айында қауымдастық 2008 жылы $4,5 млрд көлемінде пайда табамыз деп болжаған. Алайда бұл болжамдар мұнайдың орташа бағасы барреліне 86 АҚШ доллары мөлшерімен есептелінген екен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны