16.06.2008, 10:41 3291

Илемдік телеарналарда көрсету үшін тарих пен мәдениет ескерткіштері жөнінде фильмдер түсіру керек

Илемдік телеарналарда көрсету үшін тарих пен мәдениет ескерткіштері жөнінде фильмдер түсіру керек

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда кейіннен әлемдік телеарналардан көрсететіндей тарих пен мәдениет ескерткіштері жөнінде жоғары сапалы деректі фильмдер түсіру керек. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Берел мен Есік қорғандары, Түркістан мен Отырар және басқа да еліміздің тарихи мекендері жөнінде халықаралық стандарттарға сәйкес терең мазмұны бар жоғары сапалы фильмдер құруға жарақтанатын мезгіл жетті", - деді Н. Назарбаев. Бұл ретте елбасы ол фильмдерді BBC мен Discovery секілді дүниежүзілік телеарналардан көрсету қажеттігін атап өтті.

"Мұндай жобалар қазақ даласының әлемдік мойындалуына, әлемдік телеарналар бойынша тарихи орындарды насихаттау арқылы туристер ағымының артуына ықпал етеді", - деп атап көрсетті ол.

Президент сонымен қатар, ғылыми-теориялық конференцияларды Қазақстанда ғана емес, өзге де мемлекеттерде өткізген жөн деп есептейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны