01.07.2009, 11:06 1253

Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезі беймаза ахуалда өтуде - Назарбаев

Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезі беймаза ахуалда өтуде - Назарбаев

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президентінің айтуынша, Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезі беймаза ахуалда өтуде. Бұл туралы ол бүгін Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезі ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазіргі әлем беймаза жағдайда күн кешуде. Адамдар алланың басты уағызын бұзып, бір-бірін өлтіруді одан әрі жалғастыруда. Мыңдаған бейбіт тұрғындар елес сипатындағы мақсаттар мен мүдделер үшін құрбандыққа шалынуда", - деді мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, Ауғанстандағы ахуал да шиеленісе түсуде, онда "экстремистер қайтадан бас көтере бастады, әлемді осы елде өндірілген есірткі жайлап алды".

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, "ядролық қауіп-қатер де бүкіл әлемдік қауымдастықты мазасыз жағдайда ұстап отыр".

"Халықаралық ядролық қауіпсіздік жүйесінің ақауы бой көрсетіп, халықты жаппай қырып-жоятын қарудың тарала түсуіне тосқауыл бола алмады", -деді ол.

"Осылайша дүниежүзіндегі тұрақтылыққа төнген қатер азаймай отыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны