04.09.2006, 09:01 2704

Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің II съезіне 40-тан астам делегация қатысады

АСТАНА. 4 қыркүйек . Kazakhstan Today. Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің II съезіне 40-тан астам делегация қатысады. Бұл туралы съезді дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сыртқы істер вице министрі Рапиль Жошыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі таңда біз съезге 42 делегация келеді деп жоспарлап отырмыз, оның 29-ын діни жетешілер, 13-ін сыйлы қонақтар бастап келеді",- деп мәлімдеді Р. Жошыбаев.

Р.Жошыбаев бірінші съезд жұмысына 17 әлемдік және дәстүрлі діндердің басшылары қатысқанын атап өтті. Үстіміздегі жылы съезге Ливия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Швейцария және өзге елдерден конфессия өкілдері келетін болады. Изірге 175 қазақстандық және 117 шетел журналисі съезд жұмысына қатысуға тіркелді.

Комиссия төрағасы парламент сенатының спикері Нұртай Абықаев екінші съезд жұмысына қатысуға діндарлар ғана емес белгілі саясаткерлердің де шақырылғанын айтты.

"Егер алғашқы съзге тек діни қайраткерлер ғана қатысқан болса, екінші жиынға барлық діни ұйымдардың жетекшілерінің және хатшылықтардың келісімімен саясаткерлерді, бұрынғы мемлекет басшыларын да шақыру ұйғарылды". Атап айтқанда, "Малайзияның бұрынғы премьер- министрі Махатхир Мухаммед, КСРО-ның бірінші президенті Михаил Горбачев, Женевадағы БҰҰ өкілі Сергей Орджоникидзе, ЮНЕСКО жетекшісі, Иранның бұрынғы президенті Мұхаммед Хатами", деді комиссия төрағасы.

Сонымен қатар, Н.Абықаевтың сөзіне қарағанда, съезге Константинополь патриархы Варфоломей де шақырылған. Съездің күн тәртібіне диалог принциптері туралы мәселе енгізілген. Жалпы жиын дін және халықаралық қауіпсіздік проблемаларына арналған.

Осыған дейін хабарланғандай, әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің екінші съезі 2006 жылы 12-14 қыркүйекте Астанада өтеді. Бірінші съезд Қазақстанда 2003 жылы өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны