30.03.2011, 13:04 3711

Илемге әйгілі "өрмекші адам" жаңа биіктікті бағындырды

Илемге әйгілі "өрмекші адам" жаңа биіктікті бағындырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 30 - наурыз. Kazakhstan Today - Илемге әйгілі "өрмекші адам" жаңа биіктікті бағындырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, әлемге "өрмекші-адам" деген лақап атымен әйгілі болған 48 жастағы француз Ален Робер жаңа биіктікті бағындырған. Бұл жолы ол Дубайдағы биіктігі 828 метрлік "Бурдж-Халифа" ғимаратына өрмелеп шықты.

Кәсібі жағынан өнеркәсіптік альпинист саналатын Робер әдетте өз ерліктерін ешқандай сақтандырушы құралдарсыз іске асырып келген болатын. Дегенмен, бұл жолы осы көріністі ұйымдастырушылар одан беліне арқан байлауды және арқанға ілініп тұрып қимылдауды талап еткен.

Батыл адамның биік ғимараттарды бағындырудағы мол тәжірибесіне қарамастан, төменде жедел жәрдемнің машиналары тұрды. Робер бағындырған алғашқы биік ғимарат - Чикагодағы "Сити-Банктің" әйнек пен бетоннан тұрғызылған ғимараты. Ол 1994 жылы осы ғимаратқа шыққан. Бұдан кейін ол Париждегі Эйфель мұнарасы мен "Дефанс" кешенінің зәулім ғимараттарына шықты. Кейіннен ол Нью-Йорктегі "Эмпайр Стейт Билдинг" ғимаратынан шыңынан көрінді және Мәскеудегі "Федерация" іскерлік кешенінің "Запад" мұнарасын да бағындырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны