18.12.2012, 14:35 2725

Илемнің ең қарт тұрғыны дүние салды

Хабар агенттігінің хабарлауынша, ол 116 жастағы Бесси Купер қайтыс болғаннан кейін, тек екі апта ғана өмір сүрген.

Астана. 18-желтоқсан. Kazakhstan Today - Илемнің жасы ең үлкен тұрғыны Дина Манфредини 115 жасында дүние салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, ол 116 жастағы Бесси Купер қайтыс болғаннан кейін, тек екі апта ғана өмір сүрген.

Дина Манфредини өмірінің басым бөлігін үй шаруашылығымен және балаларын тәрбиелеумен айналысқан. Бірақ егде жасқа жеткенде, жеке меншік үйлерді жинауға жалданып, 90 жасқа дейін жұмыс істеген. Ең қызығы ол 110 жасына дейін ешкімнің көмегінсіз, өзін-өзі күткен. Ал енді Жер бетіндегі жасы ең үлкен адам жапондық Дзирэмоун Кимур болып отыр. Ол Дина Манфрединиден 15 күн кеш, 1897 жылдың 19 сәуірінде дүниеге келген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны