03.02.2012, 12:31 3617

Үлескерлердің проблемалары толық шешімін табуға тиіс

"Бұл маңызды мәселе, әрі қатаң мониторинг керек. менің ойымша, 3 жылдың ішінде ауқымды жұмыстар жүргізілді. 2012 жылы сіз үлескер проблемасын шешуіңіз қажет. Бұл агенттіктің ерекше бақылауына алуы тиісті маңызды шешім", - деді ол.

Астана. 3-ақпан. Kazakhstan Today - Үлескерлердің проблемалары толық шешілуі тиіс. Осы уақытқа дейін құжат дайын болуы қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов мәлім етті.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "бұл маңызды мәселе, әрі қатаң мониторинг керек. менің ойымша, 3 жылдың ішінде ауқымды жұмыстар жүргізілді. 2012 жылы сіз үлескер проблемасын шешуіңіз қажет. Бұл агенттіктің ерекше бақылауына алуы тиісті маңызды шешім", - деді ол.

Айта кетейік, осы жиын барысында агенттік басшысы С.Нокин 2007 жылдан бастап үлескерлік құрылысты қолдау үшін 461,3 млрд. теңге бөлінгенін, қабылданған шаралардың нәтижесінде 428 нысанның құрылысы аяқталғанын атап өткен болатын.

Оның айтуынша, бұл 62700 үлескердің құқығын қорғауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар 2012 жылы қалған 26 нысанның құрылысы аяқталмақ. Соның нәтижесінде 5 мыңдай үлескердің құқығы қорғалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны