30.01.2008, 19:38 4184

"Үлесшілер одағы" консорциумы Алматы билік өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа айыптады

"Үлесшілер одағы" консорциумы Алматы билік өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа айыптады

Алматы. 30 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Үлесшілер одағы" консорциумы Алматы билік өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа айыптады. Бұл туралы бүгін "Алматыинвестстрой компаниясының құрылысы мысалында ҚР билік органдарында сыбайлас жемқорлық бар", атты баспасөз мәслихатында консорциум кеңесінің мүшелері мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

" "Алматыинвестстрой" компаниясының қылмыстық қызметі сыбайлас-жемқорлыққа батқан шенеуніктердің қолдауынсыз болмас еді", -деп есептейді "Үлесшілер одағы" консорциумның өкілдері. "Бүгінде біздің әкімдік пен "Алматыжер" қызметіне қатысты сот тартыстарының қорытындысы бойынша біз тығырыққа тірелдік. Өйткені, үлесшілер мәселесі шешіле ме, жоқ па ол белгісіз", - деді Консорциум кеңесінің мүшесі Яна Исакова.

Оның сөздері бойынша, "Алматыинвестстрой " компаниясымен алданған үлесшілер бойынша мәселені Алматы қалалық әкімдігі атынан "Алматыжер" МКК шешпек болып, арнайы меморандумға 2007 жылдың тамыз айында қол қойған болатын. Алайда қала әкімдігі тарапынан ешқандай шаралар қолға алынбады. "Сонымен қатар, қала әкімдігі меморандум бойынша қабылдаған міндеттерінен толық бас тартып, биылғы жылдың 15 қаңтарында "Алматыжер" МКК директоры Б.Қабдрахманов қол қойған ресми хатты жіберді". " Алматы қаласының әкімдігі мен "Алматыжер" МКК бұл мәселені шеше алатын құзыры жоқ", -деп жеткізді Я.Исакова Қабдрахмановтың хатын оқып.

"Біздің мәселені кім шешеді. Бұл шешімнің түйіншегін тек жергілікті билік құрылымдары ғана шешетінін білеміз. Алайда, жергілікті құрылымдар үлесшілердің құқығын қорғау үшін, ештеңені істегелері келмейтінге ұқсайды. Тіпті прокуратура да осы мәселеге қатысты сотта өзін дұрыс көрсете алмады Ал әкімдік органдары осы күнге дейін біздің мәселемен айналысып жатқан адамның аты жөнін көрсеткен жоқ ", - деді Я. Исакова.

"Сот процесі кезінде анықталғанындай, прокуратура мен қаржы полициясы қаперге алмай, ат үсті қараған жәйттері бар. Оларды олар әдейі көтермеген, немесе назар аудармаған", -деп атап өтті консорциум мүшесі Я.Исакова.

Үлесшілердің айтуынша, олар аштық акциясын жариялағаннан кейін ғана қаржы полициясы мен прокуратура қылмыстық іс қозғаған. "Қоғам бұл істі қаперінде ұстап отырғанына қарамастан, Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғауға тиіс органдар компанияның қылмыстық істерін әшкерелеп, тосқауыл қоюдың орнына оларды қорғап, қылмыстарын жауып отыр . Бұған қылмысты істе көрсетілген көптеген деректер бар ", - деп санайды баспасөз қызметіне қатысушылар.

Олардың пікіріше, тергеу ісі жөн-жосығымен өткізілмеген. Үлесшілердің қаржысын талан таражға салу деректері ашылмаған.

" ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов 2007 жылдың 16 қазанында "Алматыинвестстрой" компаниясындағы жағдайды тергеп, бұған кінәлі болғандарды жазаға тарту жөнінде тапсырма бергенімен, прокуратура мен қаржы полициясы бұл бағытта ешқандай жұмыс істемей, қайта оларды қорғаумен әлек", - деп санайды үлесшілер.

Консорциум мүшелері хабарлағанындай, "Алматыинвестстрой" ЖШС директоры Сергей Дмитриенкоға қатысты қылмыстық іс қайта тергеуге жіберіліп, осы жолы ұйымдасқан қылмыстық топ деген тұжырыммен кері қайтарылды.

"Алматыинвестстрой" компаниясы 2004 жылы Мұқанов - Төле-би көшелері маңайында жер учаскесін алып 2005 жылдың 2 тоқсанында үйді тапсырулары жоспарланған болатын. Алайда осы күнге дейін 200 үлесші құрылыс компаниясынан не ақшаларын не пәтерлерін ала алмауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны