10.02.2012, 13:35 3337

Илеуметтік салалар аса назарға алынуда

2011 жылы Астанада 180 мыңнан астам скринингілік зерттеу жүргізілді. "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша 3 мыңнан астам адам жұмысқа тұрғызылды. "Балапан" бағдарламасының аясында 33 мектепке дейінгі мекеме салынды. Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов бүгін қала тұрғындарымен болған кездесуде осындай әлеуметтік мәліметтерді жария етті.

Астана. 10-ақпан. Kazakhstan Today - Илеуметтік салалар аса назарға алынуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2011 жылы Астанада 180 мыңнан астам скринингілік зерттеу жүргізілді. "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша 3 мыңнан астам адам жұмысқа тұрғызылды. "Балапан" бағдарламасының аясында 33 мектепке дейінгі мекеме салынды. Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов бүгін қала тұрғындарымен болған кездесуде осындай әлеуметтік мәліметтерді жария етті.

"Елбасының ұйытқы болуымен елімізде "Балапан" бағдарламасы қолға алынып, оның аясында 2010 жылы Астанада - 50, 2011 жылы - 33 мектепке дейінгі мекеме салынды. Және осы Бағдарламаның арқасында балабақшалардағы орын жетіспеушілігі проблемасы елордамызда жүйелі шешіле бастады"- деп мәлім етті әкім И.Тасмағамбетов.

Оған қоса, Астанада мектептердің құрылысы жалғасады. Қазіргі таңда елордада 4 мектептің құрылысы жүріп жатыр, тағы үш мектептің құрылысы жоспарланған. Олардың барлығы жаңа 7 мың оқушы орнын береді.

Соңғы үш жылда елордада 10 емдеу мекемесі іске қосылды. 2012 жылы тағы үш медициналық нысан пайдалануға беріледі.

Және 2012 жылдан бастап елордада емханалар буынын дамытуға басымдық берілмек. Ол үшін 2015 жылға дейін қалада 11 емхана салынатын болады. Тағы бір айта кететін жайт, 2011 жылы жүргізілген 180 мыңнан астам скринингілік зерттеу онкологиялық ауруларды бастапқы анықтаудың деңгейін 11,2 пайызға төмендетуге мүмкіндік беріп отыр.

2011 жылы Астанада жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралары да қабылданды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерінің арқасында 2 мыңдай жұмыссыз еңбекпен қамтылды. "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша шамамен 3200 адам оқуға жіберілді, соның арқасында 3 мыңнан астам адам жұмысқа тұра алды. Бұл бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасын табады, - деді әкім И.Тасмағамбетов өз сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны