08.10.2010, 17:20 4389

Ил-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры тағайындалды

Ғалымқайыр Мұтанов Ил-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 8 - қазан. Kazakhstan Today - Ғалымқайыр Мұтанов Ил-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Мемлекет басшысының Өкімімен Ғалымқайыр Мұтанов Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды".

Ғалымқайыр Мұтанов - техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академиясының, Халықаралық жоғары мектеп академиясының, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының, Халықаралық шығармашылық академиясының, Халықаралық кадрлар академиясының мүшесі. Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласына еңбек сіңірген қайраткері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны