22.06.2018, 17:00 9024

"Ұлы дала - көшпенділер әлемі" халықаралық этнофестивалына 30 мыӊнан астам адам келеді

23-24 маусым күндері "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркінде халықаралық "Ұлы дала - көшпенділер әлемі" этнофестивалі өтеді. Оған бір күн ішінде ғана 15000-нан астам келеді деп күтілуде.

Алматы. 22 маусым. Kazakhstan Today - 23-24 маусым күндері "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркінде халықаралық "Ұлы дала - көшпенділер әлемі" этнофестивалі өтеді. Оған бір күн ішінде ғана 15000-нан астам келеді деп күтілуде.

Алматыға Венгрияныӊ, Монғолияныӊ,Украинаныӊ, Өзбекстанныӊ, Башқұртстанныӊ, Тывы мен Дағыстанныӊ,Саха мен Алтай Республикасыныӊ, Қалмақия мен Бурятияныӊ және басқаларыныӊ әскери дәстүрді сақтайтын өкілдері келеді, олар түрік елдерініӊ көнеден сақталған әскери өнері мен шеберліктерін паш етеді. Фестиваль қонақтарына ыӊғайлы болу үшін таӊғы сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін "Боралдай сақ қорғандары" паркіне дейін және кері бағытқа төрт нүктеден арнайы авотбус бағыттары ұйымдастырылған, олар: "Алматы Арена" ("Алатау" ДӨТ көлік алаӊы), "Алматы-1" теміржол вокзалы (Осипенко көшесініӊ бойымен,С.Сейфуллин көшесініӊ қиылысы), Орталық стадион (.А.Байтұрсынов көшесі бойымен, Абай даӊғылы мен Сәтпаев көшесініӊ арасы) және метроныӊ "Райымбек" бекеті (Н.Назарбаев даӊғылы,Райымбек батыр даӊғылынан төмен). Жолақысы 150 теӊге.

Алматылықтар мен қала қонақтары батырлардыӊ жекпе- жегіне, аттыӊ үстінде тұрып жерден тыйын көтеретін, қарсыласын ертоқымымен бірге аттыӊ үстінен суырып алатын шабандоздардыӊ шеберлігі мен ептілігіне тәнті болады. Бұлардан өзге, шараға келгендердіӊ әрқайсысы өз мүмкіндігін саралап, түрлі сайыстарға,викториналарға қатысып, бағалы сыйлықтарға ие болып, зергерлік бұйымдарды, ұлттық тағамдарды, шағын киіз үйлерді көре алады. Үздік ұлттық киімге арнайы жүлде қарастырылған. Кішкентай көрермендерді көӊілді әрі танымдық шаралар күтіп тұр. " Ұлы дала - көшпенділер әлемі" этнофестивалі ғасырлар қойнауын қайта жаӊғыртады, ел тарихына деген сезімді күшейтеді, тарихи сауаттылықты арттырып, қазақстандықтарды патриотизмге баулиды. Көрсетілімдерді тамашалау - ежелгі қазақ "аттракционыныӊ" көрерменіне айналу, үйретілмеген тұлпарды бағындыру", - деді Басқармадағылар.

Фестиваль аясында садақшылар турнирі, ұлттық қазақ күресі, бәйге, бүркітшілер мен аӊ аулайтын иттердіӊ сайыстары ұйымдастырылады. Бұлардан өзге, этникалық музыканыӊ әлемдік жұлдыздарыныӊ, "Сазген сазы" этно- фольклорлық ансамблініӊ,"Ұлытау", "Алашұлы", "Самрад" топтары мен басқалары өнер көрсетеді. Шара 23-24 маусымда сағат 10:00 ден 19.00 -ге дейін Алматы қаласы Алатау ауданындағы "Боралдай сақ қорғандары" архиеологиялық паркінде өтеді, кіру тегін.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны