23.07.2014, 19:16 8790

Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгердің сүйегі Ақмола облысында қайта жерленді

Туған жерден жырақта қаза тапқан Қабен Құсайыновтың сүйегінің кіндік қаны тамған жерінің топырағына жерленуіне Зеренді ауданы әкімдігіне жақында Ресейдің Смоленск облысындағы Жастарды патриоттық тәрбиелеу және әскери даярлау орталығының басшысы Нины Куликовскаядан келген хат арқау болған.

Алматы. 23 шілде. Kazakhstan today. Зеренді ауданының тумасы, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде Ресейдің сонау Смоленск түбінде қаза болған Қабен Құсайыновтың сүйегі туған жеріне жеткізіліп, қайта жерленді, - деп "Ақмола Медиа Орталығы" хабарлады.

Туған жерден жырақта қаза тапқан Қабен Құсайыновтың сүйегінің кіндік қаны тамған жерінің топырағына жерленуіне Зеренді ауданы әкімдігіне жақында Ресейдің Смоленск облысындағы Жастарды патриоттық тәрбиелеу және әскери даярлау орталығының басшысы Нины Куликовскаядан келген хат арқау болған екен.

Аудан әкімі Малғаждар Тәткеевтің атына келген хатта Нина Куликовская "Надежда" іздеу тобының жақында ғана Қабен Құсайыновтың денесін із-түзсіз жоғалғандар арасынан солдат медальоны арқылы анықтағанын және марқұмның тағы бір туысқаны Ескен Ибілхасеновтың да Смоленск облысының Демидов ауданында жерленгені айтылған.

Осыған орай "Нұр Отан" партиясының Зеренді аудандық филиалы мен "Ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің бастамасымен қаза болған солдаттың туған-туыстарына Смоленскіге баруға материалдық көмек беру үшін қаражат жиналды. Аудан әкімінің орынбасары мен марқұмдардың бауыры Теміржан Құсайынов аталмыш қалаға аттанып, қос ағайындының бірінің басына ескерткіш тас орнатса, енді бірінің сүйегін елге алып келді.

Бүгін Қабен Құсайыновтың сүйегі туған жері Бөгембай би ауылына жерленді. Ал оның бауыры Ескен Ибілхасеновтың басына ескерткіш орнатылатын болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны