02.02.2017, 16:38 4730

Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгердіӊ сүйегі елге қайтарылды

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысыныӊ қазақстандық сарбазы, қатардағы жауынгер Николай Сорокинніӊ сүйегі Қазақстанға жеткізілді,- деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысыныӊ қазақстандық сарбазы, қатардағы жауынгер Николай Сорокинніӊ сүйегі Қазақстанға жеткізілді,- деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Ол 1944 жылы неміс басқыншыларынан Эстонияны азат етуде қаза болған.

Жерлеу рәсімін әскери қызметшініӊ туған қаласы Семейде өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта сүйектері Астана әкелініп, ҚР Қарулы Күштерініӊ Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери жоралғыларды жасалынып, естелік іс-шаралары ұйымдастырылды. Батыр қазақстандыққа құрмет көрсету үшін ардагерлер ұйымы, "Жас Ұлан" республикалық әскери мектебі мен әскери-патриоттық клубтардыӊ тәрбиеленушілері, Астанадағы оқу орындардыӊ әскери кафедралар студенттері жиналды.

"Іздестіру іс-шараларыныӊ нәтижесінде "Ерлігі үшін" медалімен бірге Николай Федорович Сорокинніӊ сүйектері табылды. Медалдіӊ нөмірініӊ арқасында оныӊ өзін анықтауға мүмкіндік болды, содан соӊ жақындары мен туыстарын іздестірдік. Сарбаздыӊ сүйектерін туған жеріне қайтарғанымызға өте қуаныштымыз", - деді эстондық "Front Line" Искери-тарихи бірлестіктіӊ өкілі Андрей Лазурин.

Осындай естелік іс-шаралары "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығы әскерлерініӊ басшылығымен Семей қаласындағы гарнизонныӊ офицерлер үйінде өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны