26.11.2012, 16:55 2791

"Ұлы Жібек жолы" Халықаралық жастар бірлестігі мүшелерінің I Кеңесі өтеді

"Аталған іс-шараға Азия, Африка және Еуропаның 25 мемлекетінің өкілдері мәдени-гуманитарлық интеграцияны кеңейту, мәдениетаралық үнқатысуды дамыту мен нығайту мүмкіндіктерін қарастырады",-деді ресми өкіл.

Астана. 26-қараша. Kazakhstan Today - 30 қарашада "Ұлы Жібек жолы" Халықаралық жастар бірлестігі мүшелерінің I Кеңесі өткізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

"Аталған іс-шараға Азия, Африка және Еуропаның 25 мемлекетінің өкілдері мәдени-гуманитарлық интеграцияны кеңейту, мәдениетаралық үнқатысуды дамыту мен нығайту мүмкіндіктерін қарастырады",-деді ресми өкіл.

Мәжіліс аясында Жібек жолымен тарихи тұрғыда байланысқан барлық елдерді бірыңғай жастар платформасына біріктіру мақсатында мүше-елдер санын кеңейту мақсаты көзделген. Бірлестіктің теңқұқылы мүшесі болып табылатын әрбір елде жергілікті өкілдіктер құру жоспары да бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны