10.08.2006, 16:55 2966

Ұлыбританияда лаңкестік әрекеттерге дайындалып жүрген 20 адам тұтқындалды

АЛМАТЫ. 10-тамыз. Kazakhstan Today. Ұлыбританияда лаңкестік әрекеттерге дайындалып жүрген деген күдікпен 20 адам тұтқындалды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Лондонда өткен түнде ұшақтарда лаңкестік әрекетердің сериясын жүзеге асыруға қамданған деген күдікпен 20 адам қолға түсті. Ұсталғандар таяу уақыттарда бірнеше ұшақтың бортына жарылғыш заттарды ала кіріп, оларды Ұлыбритания мен АҚШ қалаларының үстінде жаруға тиіс болған.

Скотланд-Ярдтың операциясының аясында күдіктілерді аңду бірнеше айға созылған. Ал кешегі тұтқындау шарасы қоғамдық қауіпсіздікті ескере отырып іске асырылды. "Бұл аса ауқымды шара. Ол ұзаққа созылады әрі кешенді болады. Біз қандайбір ақпарат мәлім бола сала жария етіп отыратын боламыз",- делінген Лондон полициясының хабарламасында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны