31.10.2016, 14:59 7198

Ұлыбританиялық сарапшылар Шымкент қаласыныӊ білім беру саласыныӊ жетістіктерімен танысты

Бүгін Шымкентте қала әкімініӊ орынбасары Қайрат Нұртай мен қалалық білім бөлімініӊ жетекшісі Жанат Тәжиева Лондоннан келген делегациямен кездесті.

Шымкент. 31 қазан. Kazakhstan Today - Шымкент мектептеріндегі білім беру жүйесін жақсартуға Лондондық профессорлар жәрдемдеспекші, деп хабарлайды әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

Бүгін Шымкентте қала әкімініӊ орынбасары Қайрат Нұртай мен қалалық білім бөлімініӊ жетекшісі Жанат Тәжиева Лондоннан келген делегациямен кездесті. Оныӊ құрамында білім беру саласындағы сарапшылар болып табылатын Доктор Коллин Маклафлин (Кембридж және Сассекс Университеттері), Профессор Дэвид Бриджес (Кембридж Университеті) және Доктор Питер Мехисто (Лондон Университетініӊ Білім беру Институты) секілді профессорлар бар. Сұхбат барысында Шымкенттік тарап алыстан келген қонақтарды қазіргі білім беру жүйесімен, мектептердіӊ жалпы жағдайымен және қаладағы мектепке дейінгі мекемелердіӊ жағдайымен таныстырды. Сонымен қатар профессорларға бұл саладағы қазіргі жаӊалықтардыӊ жайы айтылды. Ұлыбританиялықтар жүргізіліп жатқан жұмыстарға лайықты бағасын беріп, екі жақты жемісті ынтымақтастыққа ынта білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы орта білім беру сапасын жақсарту мақсатында тараптар меморандумға қол қойды. Илемдік деӊгейдегі мамандар білім беру саласында өзара ақпарат алмасуға және қала мектептерінде зерттеу жұмыстарын жүргізуге септігін тигізбекші.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны