05.05.2008, 10:14 1393

Ұлыбританияның өндіріс саласының өсу қарқыны сәуір айында бәсеңдеген

Ұлыбританияның өндіріс саласының өсу қарқыны сәуір айында бәсеңдеген

Алматы. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Chartered Institute of Purchasing and Supply/NTC мәліметтеріне сүйенсек, Ұлыбританияның өндіріс саласының өсу қарқыны 2008 жылдың сәуір айында оның алдындағы аймен салыстырғанда бәсеңдеген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Өндіріс белсенділігін көрсететін PMI индексі наурыз айындағы 51,3 пунктінен сәуір айында 51,0 пунктіне дейін төмендеген. Сарапшылар төмендеу орта есеппен 50,8 пунктіне дейін жалғасады деп күткен. 50 пукттен жоғары болу саланың жалпы өскенін көрсетсе, 50-ден аз болуы кері кеткеннің айғағы болып табылады. Сәуір айындағы индекстің мөлшері жыл басынан бергі ең төменгі көрсеткіш болды", - деп атап көрсетті Reuters.

Сату бағасының құрамдас бөлігі 60,6 пунктінен 61,9 пунктіне дейін өсіп, бүкіл осы мәліметті жинағалы бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Сатып алу бағасының құрамдас бөлігі 76,7 пунктінен 78,5 пунктіне дейін өскен.

Компаниялар шикізат бағасының өсуін сатып алушыларға арту белгілері Англия Банкісінің алаңдаушылығын тудыруы мүмкін. Ол банк экономиканы несие дағдарысының салдарынан сақтап қана қоймай, инфляцияның қарқын алуына да жол бергісі келмейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны