02.05.2007, 15:13 3209

Үлкен Алматы айналма көлік жолын салу мен Алматы - Қапшағай көлік жолын жаңартуды 2008 жылы бастау жоспарланған

АСТАНА. 2 - мамыр. Kazakhstan Today. Үлкен Алматы айналма көлік жолын салуды және Алматы - Қапшағай көлік жолын жаңартуды 2008 жылы бастау жоспарланған , деп хабарлады бүгін үкімет отырысында Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен белгілі болды.

"Алматының көлікке лық толуы жалпы қашықтығы 65 км, құны - 74,5 млрд теңгені құрайтын Үлкен Алматы айналма көлік жолын салу қажеттігін тудырып отыр",- деп мәлім етті Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов. "Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандарын басып өтетін бірінші санаттағы 6 жолақты айналма көлік жолы 2008-2010 жылдарға арналған концессия тетігі бойынша салынады",- деп хабарлады С. Ахметов.

Министрдің ақпараттарына сүйенсек, "жобада 14 көпір, 8 екі деңгейлі жол тораптары және темір жол арқылы өтетін 2 өткел салу қарастырылған".

Сонымен қатар, мекеме басшысы жуырда қабылданған "Ойын бизнесі туралы" заңмен және де қосымша қалаларды дамыту аясында Алматы - Қапшағай көлік жолының цементті бетон қабатына жаңарту жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлады.

С. Ахметовтың ақпараттарына сүйенсек, бірінші санатты жолдың қашықтығы - 79 шақырым , қозғалыс жолақтары - 4, ені - 17 метр, орташа қарқындылығы тәулігіне - 12 мың көлік, жаз маусымында тәулігіне 30 мың көлікке дейін, жобаланған құны - 50 млрд теңге, жүзеге асыру мерзімі - 2008 - 2010 жылдар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны