Система Orphus

"Ұлт қазынасы" Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайында таныстырылады

11.05.2014, 19:31 1326

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. Астанада өтетін "Ұлт қазынасы" көрмесінде қолөнер бұйымдары таныстыралады, деп ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайынан хабарлады.

Көрмеде "Идемі-Ай" өнер мұражайының қолөнер бұйымдары да жұртшылық назарына қойылады.

Айта кетерлігі, ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайындағы көрме 2014 жылдың 16 мамырынан 20-шы мамырына дейін созылады.

Мұражай 2011 жылы атақты қолөнерші Бахаргүл Төлегеннің бастамасымен құрылған болатын. Қазіргі таңда мұражайда мыңға жуық жәдігерлер бар, онда ІІІ - І ғасыр уақыт аралығындағы Кушан мемлекеті және VI - ХII ғғ тарихи жәдігерлері сақталған.

ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы аталмыш көрмені Қазақстан халқының тарихи-мәдени құндылықтарын насихаттауға бағытталған серіктестік жобасы аясында өткізіп отыр.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны