28.03.2007, 19:33 3154

Ұлтшыл патриоттар Қауіпсіздік кеңесі жер телімдерін тәркілеу және үйлерді бұзу туралы мәселені қарауға тиіс деп санайды

АЛМАТЫ. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Ұлтшыл патриоттар Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің жақын арадағы отырысында жер телімдерін тәркілеу және үйлерді бұзу туралы мәселе қарастырылуға тиіс. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Асылбек Қожахметов мәлімдеді.

"Қауіпсіздік кеңес Алматы бойынша, "Шаңырақ", "Бақай" ықшамаудандарындағы ахуалды талқылауға, бүкіл Қазақстан бойынша осы тектес жағдайларды келешекте қайталанбауы үшін талқылауға тиіс. Бұзылатын үйлер, мемлекеттік қажеттіліктер мәселелері еліміздің билік өкілдері мен халық арасындағы жікті күшейтуге кезекті себеп болмау үшін",-деп мәлім етті А. Қожахметов.

Оның серіктесінің пікірінше, "аталмыш органның соңғы отырысы, оның жол қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді шешу сияқты өз құзырына жатпайтын істермен көбірек айналысатындығын көрсетіп отыр". "Қауіпсіздік кеңес үшін оң тізгінді көліктен қарағанда, жер мәселесі маңыздырақ",- деді А. Қожахметов.

Оның сөздеріне сүйенсек, Алматының "Бақай" және "Шаңырақ" ықшамаудандарындағы оқиғаларға қатысқан шенеуніктердің заңсыздығы мен жазаланбағандығы бүкіл республикаға тараған келеңсіз ағымға айналды. "Нәтижесінде Қазақстанның барлық аймақтарында жергілікті билік "Алматыжер" сияқты қол астындағылармен және жеке құрылыс компанияларымен одақтаса отырып, қарапайым азаматтарға қатысты шексіз былықтар жасауда. Осы қарапайым адамдардан жерлерін тартып алуда немесе тартып алмақ, "мемлекеттік қажеттілік үшін" деген желеумен олардың үйлерін бұзуда",- деп санайды қоғамдық қорғаушылар.

"Алматы әкімі Тасмағамбетов кетпейінше, қысым саясаты жалғаса бермек. Аштық жариялау және наразылық шараларының саны өсуде, көптеген адамдар өз үйлерін қорғауға дайын. Күннен күнге көптеген адамдар тартылуда, бірақ қысым азаймай отыр",- деп санайды А. Қожахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны