28.12.2016, 10:39 4054

Ұлттық Банк "Қазақ вальсі" ескерткіш күміс монеталарын айналысқа шығарды

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі 2016 жылғы 27 желтоқсанда "proof" сапасымен "Қазақстанныӊ бейнелеу өнері" монеталар сериясынан номиналы 500 теӊгелік "Қазақ вальсі" ескерткіш күміс монеталарын айналысқа шығарады

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі 2016 жылғы 27 желтоқсанда "proof" сапасымен "Қазақстанныӊ бейнелеу өнері" монеталар сериясынан номиналы 500 теӊгелік "Қазақ вальсі" ескерткіш күміс монеталарын айналысқа шығарады,- деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.

"Қазақ вальсі" монетасы ұлттық мәдениетіміздіӊ бай мұрасын танымал етуге арналған, "Қазақстанныӊ бейнелеу өнері" атты жаӊа монеталар сериясын ашады.

Монетаныӊ пішіні тік бұрышты.

Монетаныӊ аверсінде орталық бөлігінде ою-өрнек аясында мемлекеттік тілдегі "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тіліндегі "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазбаныӊ қоршауында Қазақстан Республикасыныӊ елтаӊбасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаныӊ номиналын білдіретін "500 ТЕӉГЕ" деген жазба, соғылған жылын білдіретін "2016" деген сан және монета дайындалған металды, оныӊ сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31,1 g" деген жазу бар. Жоғары бөлігінде мемлекеттік тілде "Г. ЫСМАЙЫЛОВА", "ҚАЗАҚ ВАЛЬСІ" деген жазба және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ логотипі орналасқан.

Монетаныӊ реверсінде қазақтыӊ әйгілі бишісі, Қазақ КСР Халық әртісі Шара Жиенқұлованыӊ билеп тұрған сәті көрсетілген суретші Гүлфайрус Ысмайылованыӊ "Қазақ вальсі" картинасы (И. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік өнер мұражайы) бейнеленген. Түсі тампомөр технологиясы арқылы орындалған.

Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, тік бұрышы 35х45 мм, дайындау сапасы - "proof", еӊ көп таралымы - 3 мыӊ дана.

Номиналы 500 теӊгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасыныӊ бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемніӊ барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасыныӊ барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Ескерткіш монеталарды "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ Қазақстан теӊге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардыӊ дизайны Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теӊгесі - ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайныныӊ тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

"Proof" сапасымен жасалған монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ барлық филиалдарында, сондай-ақ ҚРҰБ-ныӊ www.nationalbank.kz сайтыныӊ "Монеталардыӊ Интернет-дүкені" интернет - дүкені арқылы сатып алуға болады. Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны +7(727) 273-83-98.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны