14.04.2016, 17:46 3689

Ұлттық банкке клиенттерге тиісті тексеріс жүргізудіӊ тиімді тетіктерін жасау ұсынылды - Бас прокуратура

Асхат Дауылбаевтыӊ төрағалығымен Заӊдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеӊесініӊ отырысы болып өтті, онда жалған кәсіпкерлікке қарсы іс-қимыл заӊдылығыныӊ жай-күйі, уәкілетті мемлекеттік органдардыӊ қабылдап отырған шаралары және олардыӊ өзара іс-қимыл жасасу тиімділігі мәселелері талқыланды

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Асхат Дауылбаевтыӊ төрағалығымен Заӊдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеӊесініӊ отырысы болып өтті, онда жалған кәсіпкерлікке қарсы іс-қимыл заӊдылығыныӊ жай-күйі, уәкілетті мемлекеттік органдардыӊ қабылдап отырған шаралары және олардыӊ өзара іс-қимыл жасасу тиімділігі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі хабарлағандай, жиынға Үйлестіру кеӊесініӊ мүшелері, Президент Икімшілігініӊ, Премьер-Министр кеӊсесініӊ жауапты қызметкерлері, Жоғарғы сот өкілдері, құқық қорғау, арнайы және өзге де орталық атқарушы органдардыӊ жауапты лауазымды тұлғалары қатысты, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Отырыс барысында Бас Прокурор күн тәртібініӊ ерекше өзектілігін атап өтті. Бюджеттік қаражатты ұрлау мен салық төлемінен жалтару мемлекеттіӊ экономикалық негізін едәуір бұза отырып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруде.

Құзіретті органдар заӊсыз табыстыӊ түсу жолдарын анықтау және оларға тосқауыл қою бойынша бірізді жұмыстар жүргізуде. Кейінгі бес жылда жалған кәсіпкерлік фактілерін анықтаудыӊ тұрақты өсу серпіні байқалуда. Атап айтқанда, 2011 жылы 438 қылмыс, ал өткен жылы 2626 қылмыс тіркелген. Ағымдағы жылдыӊ екі айы ішінде жалған кәсіпкерлік туралы 628 қылмыстық іс тіркелді, ал өткен жылдыӊ осындай кезеӊінде 261 қылмыстық іс болған еді.

Дегенмен, А.Дауылбаев атап өткендей, жүргізіліп отырған жұмыстардыӊ тиімділігіне Мемлекеттік кіріс комитетініӊ уәкілетті қызметтерініӊ жеткіліксіз үйлестірілуі мен келісімсіз әрекеті және банк мекемелері тарапынан қаржы операцияларына қатысты тиісті бақылаудыӊ болмауы кедергі жасап отыр. Қылмысты алдын-ала ескертудіӊ тетіктері нашар қолданылады, соныӊ салдарынан заӊсыз табысты жылыстатудыӊ қылмыстық жолдары орын алған соӊ ғана анықталады. Соӊғы бес жылда аяқталған істер бойынша анықталған залалдыӊ сомасы 242 млрд-тан астам теӊгені құрады. Залалды өтеу болса орташа есеппен 7 пайыздан аспайды, ал 2015 жылы небәрі 1,2 пайызды құрады.

Үйлестіру кеӊесініӊ мүшелері Қаржы мониторингі жөніндегі салалық комитеттіӊ күмәнді мәмілелер мен қаржылық операциялар туралы материалдарды жинақтау және талдау бойынша жұмыстарыныӊ тиімділігі төмен екенін атап көрсетті. Осылайша, құзіретті орган өткен жылы тек жалпы сомасы 2,6 млрд. теӊгені қолма-қол ақшаға айналдырмақ болған 106 күдікті операцияны тоқтатқан, ал осы кезеӊде қылмыстық істердіӊ материалдары бойынша ғана есеп-шоттардан 136 млрд. теӊге алынған.

Екінші дәрежелі банктердіӊ ішкі бақылау жүйелерініӊ қызметі де көӊіл көншітпейді. Соӊғы бес жылдыӊ ішінде кәсіпкерлер 15 триллион теӊгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Бұл ретте екінші дәрежелі 28 банктіӊ 8-і ғана капиталды көлеӊкелі айналымға жіберуге қатысты күдікті операциялар жөнінде құзыретті органдарға хабар берген.

Бас Прокурор экономика саласындағы қылмыстардыӊ үлкен қоғамдық қауіптілігі қаржыны теріс пайдаланудыӊ жолын кесуге және оларды болдырмауға бағытталған кешенді әрі нақты үйлестірілген жұмыстар жүргізуді талап ететінін атап көрсетті.

Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеӊесі Мемлекеттік кіріс комитетіне жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша тиісті тергеу жұмыстарын қамтамасыз етуге, қаржыны заӊсыз қолма-қол ақшаға аудару мақсаты бар келісімдерді анықтау туралы мекемеаралық ақпарат алмасуды жүргізу бағытында шаралар ұйымдастыруға кеӊес берді.

Сонымен қатар активтерді шығару мен салықты төлеуден жалтару жолдарын пайдалану кезінде көзге іліккен сенімсіз ұйымдар мен жеке тұлғалардыӊ "қара тізімін" қалыптастыру және активтеріне шектеу қоя отырып олармен қайсыбір қаржы операцияларын жүргізуге тыйым салу құқығын берудіӊ еуропалық тәжірибесін зерделеу ұсынылды.

Тіркелу барысында заӊды кәсіпкерлік қызметті іске асыруға ниеті жоқ тұлғалардыӊ кәсіпорын ашуын тоқтатуға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесініӊ жаӊа критерийлерін жасап шығаруға ұсыныс жасалды.

Қаржы мониторингі жөніндегі комитетке екінші дәрежелі банктермен жұмысты күшейту және заӊ талаптарын бұзғандары үшін жауапкершілікті қатаӊдату қажеттілігі туралы нұсқау берілді.

Осыған орай Ұлттық банкке қаржы мониторингін жүргізу ұстанымдарын қайта қарау, клиенттерге тиісті тексеріс жүргізудіӊ тиімді тетіктерін жасау, клиент туралы, соныӊ ішінде қызмет көрсетілетін компанияныӊ активтері бойынша толық мәліметтердіӊ болуын қарастыратын "Өз клиентіӊді біл" деп аталатын халықаралық стандарттарды орындау ұсынылды.

Бас Прокурор барлық уәкілетті органдардан алға қойылған міндеттердіӊ тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, заӊсыз табыстарды жылыстату тәсілдерін анықтау және жолын кесу бойынша профилактикалық және жедел іс-шаралардыӊ нәтижелілігін арттыруды талап етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны