05.05.2015, 18:50 12641

Ұлттық бірыӊғай тестілеуді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Ұлттық бірыӊғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы және "Білім алушылардыӊ үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудіӊ үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрініӊ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрініӊ 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Астана. 05 Мамыр. Kazakhstan Today - ҚР БҒМ бұйрығымен Ұлттық бірыӊғай тестілеуді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініӊ бұйрығы №229

2015 жылғы 23 сәуір, Астана қаласы

"Ұлттық бірыӊғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы және "Білім алушылардыӊ үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудіӊ үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрініӊ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрініӊ 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Ұлттық бірыӊғай тестілеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында бұйырамын:

1. "Ұлттық бірыӊғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы және "Білім алушылардыӊ үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудіӊ үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрініӊ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрініӊ 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда № 7367 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетініӊ 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 172-177 (27251) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыӊғай тестілеуді өткізу қағидаларында: 48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "48. Аттестатты ҰБТ-ны тапсырған кезде бітірушілер білім алған білім беру ұйымдары береді. Аттестатқа ҰБТ шеӊберінде тапсырылған жалпы білім беретін пәндер бойынша МК шешіміне сәйкес жылдық баға есептелген орташа арифметикалық баға қойылады. Дау тудыратын жағдайда бағаны дөӊгелектеу көтеру жағына жасалады".

2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н. Нюсупов) заӊнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтыӊ Қазақстан Республикасы Иділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтыӊ Қазақстан Республикасы Иділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініӊ ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтыӊ орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.СИРІНЖІПОВ.

Бұйрық Қазақстан Республикасыныӊ Иділет министрлігінде 2015 жылғы 28 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудіӊ тізіліміне №10815 болып енгізілді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны