24.01.2019, 18:38 6455

Ұлттық бюроны тиімді, кәсіби және ашық, азаматтардыӊ жоғарғы сенімін иеленген құқыққорғау органы ретінде қалыптастыру мақсаты қойылып отыр

Стратегиялық құжат Мемлекет басшысыныӊ құқық қорғау органдарыныӊ қызметінде тереӊ, әрі сапалы өзгерістер жүргізу туралы тапсырмасы негізінде қабылданды.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Төрағасы А.Ж. Шпекбаевтыӊ ағымдағы жылғы 17 қаӊтардағы бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтіӊ алдағы үш жылға дейінгі даму кезеӊіне арналған Жол картасы бекітілді.

Стратегиялық құжат Мемлекет басшысыныӊ құқық қорғау органдарыныӊ қызметінде тереӊ, әрі сапалы өзгерістер жүргізу туралы тапсырмасы негізінде қабылданды.

Жол картасыныӊ мақсаты Ұлттық бюроны тиімді, кәсіби және ашық, сонымен қатар азаматтардыӊ жоғарғы сенімін иеленген құқыққорғау органын қалыптастыру болып табылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін кадрларды дайындау және іріктеу жүйесін жетілдіру, азаматтарға кедергісіз қызмет көрсетулерді енгізу, сыбайлас жемқорлықтыӊ алғышарттарын кешенді түрде түбірінен жою, ішкі процестерді автоматтандыру және халықаралық ынтымақтастықты кеӊейту бойынша міндеттер қойылған.

Ұлттық бюро қызметіндегі басты бағдар - азаматтардыӊ сенімі болып табылады, сондықтан жол картасыныӊ барынша маӊызды іс-шарасы азаматтарды қабылдауға арналған сервистік орталықтарды құру арқылы клиентке бағдарланған органныӊ транспаренттілігін арттыру болып айқындалған.

Аталған орталықтардыӊ тұжырымдамасы - ашықтық, қарапайымдылық және кедергісіз көрсетілетін қызметтер қағидаттарына негізделетін болады.

Енді Ұлттық бюроға келушілер үшінкелешекте турникеттер және кезекші бөлім офицерініӊ "Сәлеметсіздер ме, смартфондарыӊызды ұяшыққа қалдырыӊыздар!" деген салқынқанды амандасуы сияқты кедергілер болмайды.

Оныӊ орнына жарқын жүзді кеӊесшілер және келушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалған - күту уақыты барынша аз, жайлы жиһаз, ауыз су, дәретхана, WIFI, өтініштерді жедел тіркеу.

Осындай орталықтар Республика бойынша ашылатын болады.

Сапалы өзгерістер азаматтармен жасалатын іс-қимыл ғана емес, сондай-ақ Ұлттық бюроныӊішкі қызметіне де қатысты.

Бірінші кезекте, кадр жұмысын қайта жүктеужәне кадрлық процесстерді басқарудан адами капиталды басқаруға көшу жүзеге асырылатын болады.

Қызметкерлердіӊ кәсібилігін қызметөткерудіӊ барлық кезеӊінде көтеружоспарлануда, ал жас мамандарға үздіктәжірибе көрсету үшін кәсіби, барынша таланттыларынан көшбасшылар дайындалатын болады. Қызметке қабылдау кезінде шетел тілін меӊгерген азаматтық сектордыӊ, күндізгі оқу нысанын бітірген, магистранттарға беріледі.

Осыныӊ барлығы тиімді, әрі қазіргі заманға сәйкес кадр жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінніӊ өзінде, Ұлттық бюро, барлық мемлекеттік қызметтегідей ашық конкурсқа көшті, бұл кез-келген қызметкерге басшылық лауазымға тағайындалуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ішкі процестерді цифрландырумен және автоматтандырумен қатар, сыбайлас жемқорлықты түбірінен жою бойынша кешенді шаралар қабылданады. Оныӊ ішінде, бюджет қаражатыныӊ мақсатты жұмсалуына жасалатын тиімді бақылауды қамтамасыз ету және салдары болғанша бастапқы кезеӊдерінде жымқырулардыӊ жолын кесу арқылы кешенді шаралар қабылданады.

Ұлттық бюроныӊ жұмысында сыбайлас жемқорлықтыӊ себептерін жою туралы мемлекеттік органдарға енгізілген ұсынымдардыӊ санына емес, оларды қарау қорытындылары бойынша жасалған өзгерістерге назар аударылатын болады.

Бұл ретте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықпен күрестегі істе озық тәжірибелерді енгізу мақсатында халықаралық институттармен ынтымақтастықты кеӊейте түседі.

Ұлттық бюрода дамудыӊ бекітілген барлық бағыттарын тиімді іске асыру үшін алға қойылған міндеттердіӊ уақытылы орындалуын қамтамасыз ететін жобалау кеӊесі ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны